Тәуелсіздік - тұғырым! » №33«Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная средняя школа №33 имени Кенесары Касымулы»
управления образования города Шымкент
Қабылдау бөлімі:
+7 (778) 223-99-80
+7 (778) 223-99-80
Версия для
слабовидящих
14
декабрь
2019

Тәуелсіздік - тұғырым!

16 декабрь – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сыныптар аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған оқушыларды мектеп директоры Аширбекова Дана Артайқызы құттықтап, Халықаралық, Республикалық және қалалық спорт сайыстардан жүлделі орын алған оқушыларды және мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан оқушыларды арнайы мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шара барысында шәкірттеріміз Қазақстан, Тәуелсіздік туралы өлең-жырлардан шашу шашты. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік!







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив