ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 01.09.2023 күнгі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы Жолдауы талқыланды.
Ел басымыз былтырдың өзінде ІТ саласындағы экспортымыз бес есе өскенін. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін екендігін айтты. Әрине, мұнымен шектелмейтінімізді, 2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу – Үкіметке жүктелетін жаңа міндет екендігін айтты. Шетелдің ірі ІТ компанияларымен бірлескен кәсіпорындар ашу бұл іске септігін тигізетіндігін атап кетті.
Ал азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 январьынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейткенін айтты. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді деп тоқталды. Бұдан басқа салалар бойынша көптеген жұмыстардың атқарылатындығы туралы айтып өтті.
Қорыта келе мен сіздерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауын қолдауға шақырамын!


