"Білім шыңы - сапа сыры" тақырыбында қалалық семинар
Шымкент қаласы Білім бсқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сапалы білім» жобасы аясында «Білім шыңы – сапа сыры» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар барысында мектеп директоры К.С.Ахметова сөз алып, келген қонақтарға жақсы лебізін білдіріп, «Білім шыңы - сапа сыры» тақарыбындағы семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті. Өз сөзінде әріптестерге жақсы тәрбиелі тұлға қалыптастыруды бір-бірімізден тәжірибе алмасу жолында «құс қанатымен су сепкендей» көмек жасай алсақ, барлық істе нәтижелі болатынымызды айтып өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі А.М.Мадинова «Үштік одақ күшеймей, нәтиже жақсармайды» тақырыбында ата-ана – мұғалім – оқушы арасындағы бірлескен жұмысты көрсетті. Қазіргі кездегі баланын дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату туралы сөз қозғады. Ата-ананың бала өміріндегі орны мен ролі туралы ой түрткі салып, өз баласын жақсы тануға, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру, ата-ана, оқушы, ұстаз үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту, бала тәрбиесінің бағбаны ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру болды. Сабақ барысында оқушылар, ата-аналар, ұстаздар бірігіп кеспе қағаздан Қазақстан картасын құрастырып, плакатқа жабыстырып, өз ойларын ортаға салды. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған, сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтардың шешуші роль атқаратынын атап айтты.
Келесі сабақты А.Е.Жарылкасынова мен А.С.Кудиярова бірігіп кіріктірілген сабақтар өткізді. Сабақтың тақырыбы «Электролиз». Оқушылар сабақ барысында тотығу-тотықсыздану реакциясын, оның түрлерін, жүру заңдылықтарын біліп, түрлі ерітінділердің электролиздену теңдеулерін жаза алды. Химия пәнінен алған білімдерін физика пәнінде қолдану арқылы электролиз заңдарына түрлі деңгейдегі есептерді шығара білді. Соңында мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалады.
Келесі сабақты информатика пәнінің мұғалімі Л.Л.Жумабаева өткізді. Сабақтың тақырыбы «Білім сапасын арттыруда теорияның практикамен ұштастыру тиімділігі». Оқушыларды П және Т әріптері арқылы топқа бөліп, психологиялық ахуалға берілген тренингті орындау арқылы сабаққа назар аударды. Оқушылар алгоритмнің түрлерін айтып, Python программалау тілінде есептеулер орындап, алгоритм трассировкасының кестесін жасады. Оқушылар берілген тапсырмаларды өз дәрежесінде орындап шықты.
Келесі сабақты қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Х.Аманкулова мен география пәнінің мұғалімі З.А.Анетбекова өткізді. Сабақ кіріктірілген сабақ түрінде, «Ұлттың болашағы – халықтың демографиялық өсімінде» тақырыбында өткізілді. Сабақты топқа бөліп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы өтті. Сабақ барысында оқушылар графиктік мәтінді пайдаланып, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы функционалдық сауаттылықты арттыруға негізделген тапсырмаларды орындай отырып, кесте және диаграмма арқылы берілген мәліметтерді өңдеп, өз ойларымен бөлісті. Келесі тапсырманы LearningApps әдісі арқылы орындап, оқушылар белсенділік танытты. Оқушылар смарт телефон арқылы Padlet тақташасына кіріп, кері байланыс берді.
Келесі сабақты тарих пәнінің мұғалімі А.Айнабекова «Үйcіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды тәттілер арқылы топқа бөліп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір-біріне жақсы сөздер арқылы керемет көңіл-күй сыйлады. Өтілген үй тапсырмасын «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы сұрады. Джигсо әдісі арқылы екі топқа бөліп, оқулықтағы мәтінді талдап шықты. Оқушыларды берілген тапсырмаларға құрылған дескриптор арқылы бағалап өтті. Сабақ өз дәрежесінде өтілді.
Келесі сабақты физика пәнінің мұғалімі Л.М.Максумова мен информатика пәнінің мұғалімі А.А.Баирова «Білім сапасын көтерудің тиімді механизімін ұсыну» тақырыбында мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өткізді. Сабақ барысында мұғалімдермен түрлі жаттығулар мен ойындар ойналды. Преподаватели өз ойларын ортаға салып, білім сапасын көтерудің бірнеше әдіс-тәсілдерін айтып өтті.
Сабақтар өтіліп біткеннен кейін, сабақ өткен мұғалімдердің сабағына талдау жүргізілді. Келген мұғалімдер кірген сабақтарына кері байланыс беріп, өз ұсыныстарын да айтып өтті.
№54 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі сөз алып, кірген информатика сабағының жоғары деңгейде өткендігін айтып кетті. Сабақ өз мақсатына жеткендігін, оқушылардың сабаққа белсенді қатысқандығын, берілген тапсырмаларды жақсы орындап шыққандығы туралы айтып кетті.
№60 ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі кіріктірілген сабққа кіргендігі туралы және физика мен химия пәндерінің біріккен түріндегі сабағы керекмет өтті, бір-бірімен пәнаралық байланысын жақсы жасағандығы туралы айтты. Оқушылар сабақта белсенді болғандығы, берілген тапсырмаларды жақсы орындағандығы туралы айтып кетті.
№51 ЖОББМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі сөз алып, екі сабақтың, қазақ тілі мен география пәндерінің кіріктірілген сабақтарында болғандығын, ол сабақтардың қызықты өткендігі туралы айтып өтті. Сабақта оқытудың әдіс-тәсілдері тиімді пайдаланылғаны туралы, оқушылар сабақта өз ойларын еркін жеткізгендігі туралы айтып өтті.
№42 ЖОББМ әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары мектеп әкімшілігіне осындай семинарды ұйымдастырып отырғандығы үшін алғысын білдіріп, биік белестерден көрінуді тіледі. Ұйымдастырылған сабақтардың білім сапасын көтеруде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып жатқандығы туралы айтып өтті. Сабақтың жүйелі өткендігі туралы, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
№5 ЖОББМ жас маманы, информатика пәнінің мұғалімі сөз алып, мектепте ұйымдастырылған «Білім сапасын көтерудің тиімді механизімін ұсыну» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге кіргендігі туралы, сол жерден көп нәрсені үйренгендігі туралы айтып өтті. Сабақ барысында гипербелсенді, аутизммен ауыратын оқушылармен қалай жұмыс жасауға болатындығы туралы айтылып, көп мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, сабақ қызықты өтті.
№3 ЖОББМ әдістеме ісі жөніндегі орынбасары сөз алып, семинар өз деңгейінде өткендігі туралы айтып, мектеп әкімшілігіне алғысын білдірді.
Қорытындылай келе, ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті – ұстаздардың қолында. «Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз да бір, қазақ мұғалімдері!» - деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай ұстаздар қауымына артылған жүк және ұстаздар қауымы
таңдаған жол – жауапкершілікті талап етеді. «Сапалы білім» жобасы аясында «Білім шыңы – сапа сыры» тақырыбында өткізілген тәжірибе алмасу семинар өз дәрежесінде өткізілді. Мектеп директоры Кұттығыз Сейлбековна келген мұғалімдерге алғысын айтып, әрі қарай сапалы білім беру мақсатында тәжірибе алмасуға және оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыруға шақырды.