22
октябрь
2022
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН!

Құрметті әріптестер, ата- аналар мен жаңа Қазақстанның ұрпақтары!
Баршаңызды мерейлі Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ұлт мерейін өсіретін ұлық мереке!
Дана халқымыз «Отан- отбасынан басталады» деп айтып кеткендей, әрбір азамат үшін ең асыл қазына ол - Отанын, туған елін сүю деп білемін.
Баршамызға белгілі, 1990 жылы октябрь айының 25-і күні «Қазақстанның егемендігі туралы» декларация қабылданған сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы іспеттес. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы бар дербес елге айналды.
Баршамызға белгілі, осы жылыҰлытаудың төрінде өткізген Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», – деген болатын.
Республика күні – ұлттық мереке. Егеменді Қазақстан өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке-дара ел болып әлем картасында орын алды. Біз байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Бейбітшілігіміздің, жақсылығымыздың, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрқайсысымыз асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен айтуымыз керек. Өйткені Тәуелсіз еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында.
Қазақ өмірінің ұлы белгісі - шаңырақтан тараған таң шапағындай уықтар аясындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақтың ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұрғаны да көп ой салады. Елтаңбадағы ұлы идея - Еркіндік идеясы. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтау әрқайсымыздың Отан алдындағы азаматтық парызымыз деп білемін.
Құрметті ӘРІПТЕСТЕР , ата аналар Ұлы Абай айтпақшы «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!» деп, Жаңа Қазақстанымызды өркендетуге әрбір «Мен Қазақстандықпын!» деген азамат республикамыздың өсіп-өркендеуі үшін барынша өз үлесін қосу керек. Сонда ғана біз Жаңа Қазақстанымызды бүкіл әлемге танытатын боламыз. Республика күні құтты болсын, көпшілік!
Игі тілекпен:
Құттықыз Сейілбекқызы.