Жолдағы қауіпсіздік – өмір кепілі!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім беретін мектепте полиция қызметкері оқушыларға жолда жүру ережелерін үйретіп, қауіпсіздік шаралары бойынша кеңес берді. Балалардың жолда өзін дұрыс ұстауы – олардың амандығы мен болашағының кепілі. Осындай түсіндірме жұмыстары оқушылардың жол-көлік мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіздік дағдыларын нығайтуға септігін тигізеді.