"Робот техникасы" тақырыбында сайыс
Кенесары Қасымұлы атындағы №33 жалпы орта білім мектебінде информатика пәні мұғалімдері Жумабаева Л.Л, Мустафаева К.К, Байрова А.А., Зейнуллаева Т.И "Робот техникасы" атты тақырыпта сайыс өткізді. Практикалық жұмыс 1-4 сынып оқушылары арасында, Программалау тапсырмасы 5-11 сынып оқушылары арасында,Робот құрастыру жұмысы 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайыс өте қызықты өтті, оқушылар белсенді қатысты. Python программалау және HTML тілінде программа құрау тапсырмалары орындатылды.